Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливеру Стоунға берген сұхбаты негізінде түсірілген «QAZAQ: Алтын адамның тарихы» фильмі көрсетіледі.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.
«1 желтоқсанда республикалық телеарналар Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливер Стоунмен сұхбаты негізінде түсірілген 8 сериялы «QAZAQ: Алтын адамның тарихы» фильмін көрсете бастайды» - деп жазды Айдос Үкібай.