Қоғам

Көше тұрғындары қуанышқа кенелді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай ауданы аумағындағы шағынаудандарда жаңа көшелер ел игілігіне пайдалануға берілді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Атап айтқанда Қызылжар шағын ауданындағы Дәстүр, Ақтансай, Яссауи және  №10 көше тұрғындары қуанышқа кенелді. 

Мерекелік іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Занкоев Есімжан қатысып,  тұрғындарды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. 

Ағымдағы жылы көшемізге асфальт төселіп, тұрғындардың көтерген мәселелері шешілгеніне қуаныштымыз, деді көше тұрғындары. 

Айта кетейік, Абай ауданында жыл соңына дейін тағы осындай 7 көше пайдалануға берілетін болады.