Қоғам

Назарбаев: «Алдағы 100 жылда Қазақстанға ешкім шабуыл жасамайды»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанға алдағы 100 жылда ешкім шабуыл жасамайды. Бұл туралы Елбасы режиссер Оливер Стоунге берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, алдағы 100 жылда Қазақстан ешкімге шабуыл жасамайды, өйткені елде мұндай ұмтылыс жоқ.

Сондай-ақ Елбасы қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті басқарып отырғанын атап өтті.

«Оның өкілеттігі Конституцияда көрсетілген. Мен оған араласпаймын. Мен кедергі болмаймын. Керісінше, мен оған қажет кезде кеңесші қызметін атқарамын» – деп қосты Назарбаев.

Еске салайық, 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол 30 жылға жуық президент болды. Жаңа басшы болып Сенаттың бұрынғы спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.

Дереккөз: orda.kz