Қоғам

Қазақстандық музыкант АЭС-ке барып, жаңа трегіне атом дыбысын жазды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) AtomSound музыкалық киножобасының аясында өзінің жаңа трегіне атом дыбысын жазу үшін Ресейдің Ленинград қаласындағы атом электр станциясына барды. Бұл туралы Gazeta.Ru-ға жобаның авторлары хабарлады.

«Музыкалық продюсер ретінде мен үшін өз жұмысымның ғылыми, теориялық бөлігін түсіну маңызды. Көптеген музыканттар шабытпен жасайды, бірақ шабыттың артында ғылым - гармоника, акустика да бар. Шабыт та ғылымның бір түрі деп айтуға болады», - деді Иманбек

Авторлар музыканың энергия тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін деректі фильм жасайды. Атом дыбысын жазу идеясы қарапайым тезистен туды: дыбыс толқындары атомдардың реттелген тербелісі болып табылады. Көрермендер диджеймен бірге дұрыс дыбысты табу жолында жүріп, музыканттың  жұмысының түпкілікті нәтижесін ой елегінен өткізеді.

Дереккөз: tengrinews.kz