Қоғам

Назарбаев: «Орыс тілі арқылы біз әлемдік мәдениетке шыға алдық»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ білімінің қалыптасуындағы орыс тілінің рөлін бағалады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев атап өткендей, орыс зиялылары Қазақстанда үлкен рөл атқарды.

«Орыс мәдениетімен байланыс қазақтар үшін өте қолайлы рөл атқарды. Орыс тілі арқылы біз әлемдік мәдениетке шыға алдық. Себебі қазақ тілінде аударылмай тұрып, тарихи, мәдени, ғылыми дереккөздер болған жоқ. Орыс мәдениеті мен орыс тілі арқылы жеттік. Революцияға дейін білімді адамдар 5% -6% болса, қазір қазақтардың 100%-ы білімді» – деп түйіндеді тұңғыш президент Оливер Стоунның «Qazaq. Алтын адамның тарихы» атты деректі фильмінде.