Bugin

Қазақстандық қарапайым көлік жүргізушісі әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өскемен қалалық өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Алматы қаласында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты.

- «Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Ол бір ай бұрын Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Енді тағы бір жеңіске жетті. Ерзат Өскемен қаласындағы №9 Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді», - делінген ШҚО ТЖД қызметінің Instagram-парақшасында.

Айта кетсек, жекпе-жек — грэпплинг, джиу-джитсу, еркін күрес және каратэ өнерінің ережелері аралас спорт түрлерінің бірі.