COVID-19

Ресейлік мамандар: «Пандемия аяқталуы мүмкін»

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Омикрон әлемнің 40 елінде тіркелді. Коронавирустың жаңа штамдарын жұқтыру оқиғалары Азия мен Еуропа елдерінде көп. АҚШ-та мутация 10-нан астам штатқа тарап үлгірген. 

Ресейлік мамандар омикрон штамының пайда болуымен пандемия аяқталуы мүмкін дейді. Айтуларынша, мутация басқаларын ығыстырып, КОВИД-19 тұмау секілді маусымдық инфекцияға айналуы тиіс. 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қандай да бір мәлімдемелер жасауға асықпауға шақырады. Омикрон анықталған елдердің тізімі күн санап артып бара жатқанына қарамастан әлемде әлі күнге дейін дельта басым штамм болып отыр. Соның салдарынан мәселен, Еуропада осымен 2 ай қатарынан ауру деңгейі артып барады. Бірақ француз сарапшылары алдағы 1-2 айда бұл мутация елде басым штамға айналуы мүмкін екенін ескерткен. Өйткені алдын ала мәлімет бойынша омикрон да дельта сияқты тез жұғады. Десе де, әлі күнге дейін одан ешкім көз жұмған жоқ.   

Дереккөз: BAQ.kz