Bugin

Түркия елдің халықаралық атауын өзгертті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық атауын Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Anadolu сайтына сілтеме жасап.

Жарлық мәтінінде бұл өзгеріс бай мәдениет пен мұраны көрсететіні әрі түрік өндірушісінің сапалы өнімді сенімді жеткізуші ретінде адалдығын растауға арналғаны айтылған.

Сондай-ақ, елдің барлық ресми құжатында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.