Bugin

ДДСҰ басшысы мен Жүрсін Ерман құда болып шықты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс тележүргізуші, қазіргі айтыс өнерін ұйымдастырушы Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Ерманның немересі (бір қыздың қызы) ДДҰ басшысының ұлдарының біріне тұрмысқа шыққан. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Бұл туралы кеше Гебрейюс қазақстандық туысқанының атына жазылған құттықтау видеосын жариялаған соң белгілі болды.

«Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өмір ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!
Арбаса нәпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.
Көңілге неге сыймайсың
Көзіме сыйған құбылыс?!
» – деп жазды Тедрос Гебрейюс.