Спорт

Жалғас Жұмағұловтың UFC-мен келісімшарты аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Аса жеңіл салмақта ел намысын қорғап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшарты аяқталды. Бұл туралы  Bugin.kz порталы хабарлайды.

Egemen.kz мәліметінше, бүгін қазақстандық спортшы келісімшартта көрсетілгендей соңғы жекпе-жегін өткізді. Бәлкім анголалық Манель Капені жеңгенде ұйым басшысы Дана Уайт жаңа келісімшарт ұсынар ма еді, кім білсін? Өкінішке қарай отандасымыз қарсыласынан бірінші раундта жеңіліп қалды. Қысқасы, төрт шайқаста бір ғана мәрте жеңіске жетіп, үш рет жеңілістің кермек дәмін татқан отандасымыздың UFC-дегі сапарына нүкте қойылған секілді. Енді ол басқа лигаларда октагонға шықпаса, Дана Уайт спортшыны өз ұйымында қалдырмайтыны сөзсіз.