Әлем

АҚШ Қытайға дипломатиялық бойкот жариялады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ Қытайға дипломатиялық бойкот жариялады.

BAQ.kz мәліметінше, 2022 жылы Қытайда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына өз делегациясын жіберуден бас тартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді. 

Айта кетейік, Бейжіңдегі XXIV қысқы ойындар ақпанның 4 мен 20 аралығында өтеді деп жоспарланған. 

«Америкалық дипломаттарды және ресми өкілдерді жібермеу арқылы АҚШ-тың позициясын көрсетіп, Қытайдағы адам құқықтарының тапталуына төзе алмайтынымызды көрсеткіміз келді. Ол жердегі сұмдық қалыпты нәрсе емес. Бірақ бұл шектеудің сопртшыларға қатысы жоқ. Олар осы уақытқа дейін тер төгіп, еңбек етті. Олар ойындарға қатыса алады және біздің қоладуымызға 100 пайыз ие болады. Бірақ ресми делегация Бейжіңге бармайды», - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки.