Қоғам

Алматыда жылу құбыры жарылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды.

Айқын басылымының мәліметінше, апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Таңертең Т. Рысқұлов даңғылы мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде жылу магистралі жарылды. Апат болған жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Жылу магистралінің жарылуына байланысты, Т. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта І. Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы шектелді. Шектеу жылу құбыры жөнделіп, жол қалпына келгенше болады.