Әлем

Тағы бір ел Қытайға дипломатиялық байкот жариялады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Австралия 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялап, АҚШ-тың қатарына қосылды.

The Sydney Morning Herald басылымының мәліметінше, Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон Сиднейде өткен баспасөз мәслихатында австралиялық шенеуніктердің қысқы Олимпиада ойындарына келмейтінін түсіндірген. Бұл ретте спорттық шараға бастапқыда жоспарланғандай елдің олимпиадалық құрамасы қатысады.

Моррисонның айтуынша, бойкот туралы шешімді үкімет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы адам құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ «Қытайдың Австралияның ішкі істеріне араласуына» қатысты бірқатар басқа мәселелерге байланысты қабылдаған. Бейжің Австралияға қарсы сауда санкцияларына да назар аударды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялап, шенеуніктердің Ойындарға барудан бас тартатынын айтқан. АҚШ-тың артынан Жаңа Зеландия билігі де XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.

Дереккөз: orda.kz