Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ай сайынғы жалақысы мен азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс кулуарында журналистер Цойдан жалақысы қанша екенін сұрады.
"Бұл стандарт қой. Біз әріптестермен шамамен 900 мың теңге аламыз", - деді денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ ол өз отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын да айтты.
- "Біздің отбасымызда бес адам. Орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге шығады. Кейде отбасылық мереке немесе тағы басқа шара болып қалады. Сондықтан бұл жерде аптаға байланысты. Біз де сіздер сияқты адамбыз, дүкенге барамыз. Сол себепті бұл қалыпты жағдай", - деді Цой.