Әлем

Министрлік қызметкерлері ұлттық баскиім киюге міндетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өзбекстан Мәдениет министрлігі қызметкерлеріне төбетей киюге бұйрық берді. Бұл туралы ведомство басшысы Озодбек Назарбеков мәлімдеді. Бұл ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында жасалған.

«Әр халықта ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, құндылықтарға құрмет болатыны тарихтан белгілі. Атап айтсақ, халқымыздың бас киім, беқасам шапан, жібек белбеу сынды ұлттық киімдері бүгінде де құндылығын жойған жоқ. Осы құндылықтарды ұстанып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін жаңа бастаманы қолға алдық. Қазір Мәдениет министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында өзбектің ұлттық бас киімін киіп жүр», – деді Назарбеков.

Orda.kz мәліметінше, министр барлық сала өкілдерін, шығармашылық адамдарын, патриоттарды қарамағындағылардан үлгі алуға шақырды. Бұл шара елдің Конституциясы күніне орайластырылды.