Bugin

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ай сайынғы жалақысын атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Ахметжановтан айлығы қанша екенін сұрады.

"Жасыратын ештеңе жоқ, мен оны осы қызметке келген кезде айтқанмын. Бүгінгі таңда менің жалақым –  1 миллион 200 мың теңге", - деп жауап берді ол.