Білім және ғылым

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби автобус ұйымдастырылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдеби автобус ұйымдастырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Әдеби іс-шара Шымкент қалаішілік №27 бағыттағы қоғамдық көлікте өткізілді.  Кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясы  аясында  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» бойынша қызықты танымдық деректер беріп, шығармалардан үзінділер оқыды. Әдеби викториналық сұрақтар ойнатылып жеңімпаздарға сыйлық тапсырылды. Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының әншісі Тәттібек  Бегалиевтің домбырамен орындаған термелері мен әндері жолаушылар қошеметіне бөленді.  «Т-Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нурмухамедов Рахымжан Жолбарысұлы аталмыш іс-шараның жақсы деңгейде өтуіне өз үлесін қосты. 

«Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды» - дейді Алаш тұлғасы Мұстафа Шоқай. Ендеше, Тәуелсіздік-ұлттық рухты көтерудің маңызды факторы болары анық.