Білім және ғылым

Оқытушылар мен студенттер шахмат тақтасында бақ сынады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

10 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқытушылар мен студенттер арасында шахматтан жарыс өтті.

Дене тәрбиесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен бұл жарыс факультеттерден жиналған ұстаздар мен студенттердің шахмат ойынына үлкен құлшынысын байқатты. Швейцария жүйесі бойынша бөлінген ойыншылар қызу тартыс ұпай жинаумен болды.

Бұл жарыста жұлделі орындар өз жеңімпаздарын тапты. 1 орынды – Қонысбай Шапағат, 2 орынды – Мергенғали Естай, 3 орынды – Ахметов Олжас иеленді. Жалпы жарыс бәріне ортақ болғанымен қыздар қауымы да жүлдесіз қалмады: 1 орынды – Шәукен Аружан, 2 орынды – Бегайдарова Аида, 3 орынды – Момыш Назерке иеленді.

Жүлдегерлерді марапаттап, құттықтап, жарысты қорытындылаған шахматтан спорт шебері Серікбай Шыңғысхан: «Болашақта осындай жарыстарды жиі өткіземіз, факультет арасы, ұстаздар мен жас ғалымдар өздерерінің тағы да шеберліктерін шахмат тақтасы алдында көрсететініне сенімдімін. Мерекеміз құтты болсын!» - деп пікірін білдірді. 

Иманалиев Жалғас

Аға оқытушы