Спорт

Қазақстандық паратаэквондодан әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

БҚО-ның паратаэквондошысы Мәлік Мұқашев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Спортшы 80 келі салмақта өнер көрсеткен. Оның бірінші қарсыласы Түркиядан келген спортшы болды, оны Мұқашев айқын басымдықпен жеңді. Финалда қазақстандық ресейлік пара-таэквондошымен кездесіп, оны 41:39 есебімен жеңді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы Мұқашевтың халықаралық ареналарда жетінші жыл өнер көрсетіп жүргенін, оның ең үздік көрсеткіші бесінші орын алғанын атап өтті. Биылғы жылы спортшы Қазақстанның спорт күндерінде Азия, Еуропа чемпионаттарында топ жарса, енді қоржынын төртінші алтын медальмен толықтырды.

Мәлік Мұқашев – паратаэквондодан ұлттық құраманың мүшесі, спорттың әр түрінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы Бөрлі ауданының бас бапкері. Бұл атақтарға енді жаңасы қосылды - ҚР МКҚК Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен берілген халықаралық дәрежедегі спорт шебері.