Спорт

Сәкен Бибосынов үздік спортшы атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2021 жылғы Ұлттық спорттық жүлде қорытындысы бойынша үздік спортшы атанған Сәкен Бибосынов Olympic.kz cайтына сұхбат беріп, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Жүлдеге ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Сөз жоқ, биылғы жыл мен үшін табысты өтуде. Бір жылда екі ірі жарысқа қатысып, екеуінен де жүлдемен оралдым. Токио төрінде, Сербия шаршы алаңында атой салдым. Мұның бәрі маған үлкен еңбекпен келді. Бапкерімнің қамшылағаны, жанкүйердің қолдағаны, бәрі де өз септігін тигізді. Ұлттық спорттық жүлдеде маған дауыс беріп, қолдаған баршаңызға алғыс айтамын!", - деді Бибосынов.