COVID-19

Шымкентте Pfizer вакцинасын салдырғандар саны артуда

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды Үкімет отырысында баяндады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Осыған дейін Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген. Коронавирустық инфекцияға қарсы бұл вакцинамен тиісті контингенттің 112 437 адамды егу жоспарланды, оның ішінде 8 740 жүкті әйелдер (15-40 апта), 87 697 12-17 жастағы балалар. Сондай-ақ, қосымша 16 314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда.

Қаламызда «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен қараша айының 15-нен бастап, 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу жұмыстары басталады. Сондай-ақ, вакцинацияның бірінші компонентімен 8 869 адам егілсе, 2-ші компонентін 1 205 адам салдырған. Бүгінде қалада вакцинаның үшінші дозасын салу қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде 7 354 адамға екпе егілген.

Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцинамен 130 327 адам қамтылған.