Спорт

Қазақстан футзалшылары бір минут ішінде Өзбекстанды жеңді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан футзалшылары Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Ойынның бірінші жартысы тең аяқталды. Қазақстан құрамасының футболшылары бірнеше рет шабуыл жасағанымен есеп аша алмады. Ұлттық құрама сапында алғаш өнер көрсеткен Ғазиз Нағашыбайдың да мүмкіндігі болды. Екінші таймда 22-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб есеп ашты. Осыдан кейін бірден Дуглас есепті еселеді - 2:0.

Кездесу соңына қарай Өзбекстан құрамасы есеп айырмасын қысқартты – Хамроев қазақстандық қақпаға гол соқты. Ойынның соңғы секундтарында Қазақстан құрамасының капитаны Игита ұлттық құраманың оныншы мерейтойлық голын соғып, көрерменді қуантты.