Білім және ғылым

Шымкенттік оқушы көшбасшылар форумына қатысты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

NIS-те жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін  өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының форумы аяқталды. 

Мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерін, форум делегаттарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева құттықтады: 

– Биылғы дәстүрлі форум Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» ұраны NIS президенттерінің басты қағидаттарының бірі – командадағы көшбасшы, мектептегі көшбасшы, өмірдегі көшбасшы растайды. 

Оңтүстік астанадағы химия-биология бағытындағы NIS-те екі күн ішінде форумға түрлі саладағы танымал кәсіпқойлар, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің түлектері қосылды. Психология ғылымының докторы, «SKILLFOLIO» білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская Мәскеуден байланысқа шықты, ол онлайн семинарда форум қатысушылары жеке және командалық тиімділікті дамыту тәжірибесі мен дағдыларын талдады. 

Делегаттар Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің студенті Нұрпейіс Баймұханды думанды қошеметпен қарсы алды. Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектебінің (IB) түлегі «What is Leadership?» тақырыбында баяндама жасады:  

– Ең алдымен өз өміріңіздің көшбасшысы болыңыз, алдыңызға үлкен, қол жетпестей көрінетін мақсаттар қойыңыз. Оларға қол жеткізген сәтте, одан да жақсы нәтиже бере алатын күшке ие боласыз, әрі қарай жүруге талпынасыз. Өзін-өзі жеңу – көшбасшыны өмір бойы жетелейтін басты қасиет.  

Форум қатысушылары Абу-Дабиден Германияға ауысып, байланысқа Бонн университетінің 1-курс студенті, Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS түлегі, физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Асылбек Олжабаев шықты. Асылбек өз сөзін патриотизм тақырыбы мен отбасылық құндылықтарға арнады. 

WhatsApp Image 2021-12-20 at 13.23.46 (1) (1).jpeg

Пікірталас алаңында көшбасшылар «NIS оқушыларының патриоттық, зияткерлік, физикалық, мәдени дамуында білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» өзекті мәселе бойынша баяндамалар жасады. Әр Зияткерлік мектептің көшбасшысы түрлі бағыттағы эксклюзивті жобаларын ұсынды. 

Тәуелсіздік феномені, түрлі мәдени ағымдарға көзқарас, ХХІ ғасырдың басым мамандықтары, әлемдік және қазақстандық бизнестегі бос нишалар, сәтті немесе сәтсіз стартаптар, жаһандық сипаттағы инновациялық трендтер – осы және өзге де тақырыптарды форумның арнайы сессиясында «KPMG Central Asia» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры, шақырылған George Washington University профессоры Данияр Қосназаров ұсынды. Face to face форматындағы кездесуде спикер өмірлік траекторияны құру туралы өз ойларымен бөлісті: 

– Өршіл болыңыз, көкжиегіңізді кеңейтіңіз және өміріңізге түбегейлі өзгерістер енгізуден қорықпаңыз. Бұл көшбасшы бойындағы басты қасиеттерінің бірі. 

Алматылық NIS психологтары өткізген «Көшбасшылық синергиясы» тренингі делегаттарға бір-бірін жақынырақ білуге және мектеп басшысының рөлі туралы тағы бір рет ойлануға, сондай-ақ тұлғааралық және әлеуметтік қатынастарды құрудағы жаңа құралдармен, келіссөздер жүргізу өнерімен, бір ортақ мақсат үшін командада жұмыс істеу жолдарымен танысуға көмектесті. Қорытындылай келе, әр команда постерлер арқылы көшбасшы туралы түсініктерін көрсетті. 

WhatsApp Image 2021-12-20 at 13.23.47 (1).jpeg

– Форум менің ойымнан да асып түсті. Республика бойынша Зияткерлік мектептердің көшбасшыларымен танысу, мықты спикерлермен кездесу, тәжірибе алмасу, ашық спитчтер, жаңа идеялардың тууы – осының барлығына екі күнде қол жеткізе алдық. Мектебіме шабыттанып, үлкен жоспарлармен оралып жатырмын, – дейді Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS президенті Абай Әділет. 

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ делегаттарды форумның сәтті өтуімен құттықтап, президенттерді мектептер арасындағы ынтымақтастықты онлайн форматта жалғастыруға шақырды. 

Алматыда алғаш рет Назарбаев Зияткерлік мектептері желісіндегі ең жас – Түркістан қаласының NIS мектебі таныстырылды. 

– Жақын арада осында үйренгенімнің барлығын мектеп қауымдастығына енгізуге тырысамын, – дейді Түркістандағы NIS мектебінің президенті Бексұлтан Садық.