Әлем

Өзбекстанда салмақ тастап, арықтағандарға ақы төленеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өзбекстан тұрғындарына салмақ тастап, арықтағандары үшін ақы төленеді. Мұндай шешім «Салауатты өмір салтының жаңа тәртібі» аясында қабылданды.

uza.uz мәліметінше, билік Ферғана тұрғындарына әрбір келі салмақ үшін 500 мың сум (46 доллар) төлейтін болады. Бұл туралы халық депутаттары Ферғана облыстық кеңесінің сессиясында облыс әкімі (әкімшілік басшысы) Хайрулло Бозоров мәлім етті.

Бұл шешім «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа тәртібін» тарату аясында қабылданды. Билік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сілтеме жасап, әлемдегі аурулардың 50-55 пайызы семіздік, дұрыс тамақтанбау және отырықшы өмір салтынан туындайды деп хабарлайды.

Жоба «Ферғана эксперименті» деп аталды. Оған қатысқысы келетіндер тұрғылықты жеріндегі емханаға хабарласып, бағдарламаға тіркеліп, салмағын өлшегені жөн. Алты айдан кейін оларды қайта өлшеуге тура келеді. Бір жылда кемінде бес келіден артық салмақ тастаған азаматтар ақшалай сыйақы алады.

Дереккөз: ORDA.kz