Спорт

Сәкен Бибосынов «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновқа мемлекеттік "Ел қорғаны" медалі табысталып, 1 миллион теңгеге ие болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

- "Елінің ертеңін ойлаған азамат, тарихын түгендеп, өткенін өшірмей, бабаларын бағалап жүреді. "Ел қорғаны, ер аманаты" демей ме дана халқымыз?! Аманатты арқалап, жерім деп жегіліп, елім деп еміреніп өту – отанның ұландарына міндет. Иә, бүгінгі бейбіт заманда қолға қару алып, жауға шабатын күнді Құдай басқа салмасын, тек шекарамыздың шетін күзетіп, елдің тыныштығын күйіттеп жүрсе игі.
Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек! Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам еліміздің мүддесі үшін адал еңбек  етуде жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің ұлтжанды азаматы болуы керек деп санаймын. Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін!" -
деп жазды Бибосынов әлеуметтік желідегі парақшасында.