Спорт

Путин мен Лукашенко хоккей ойнады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Владимир Путин мен Александр Лукашенко Санкт-Петербургтегі үш сағатқа созылған келіссөздерден кейін хоккей ойнады (видео сілтемеде). Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Ресей мен Беларусь президенттері бір командада ақ түсті киімде ойнаған.  Хоккейден жолдастық кездесу Стрельндағы "Манеж" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мұз айдынында өтті.

Путин 11 нөмірін, Лукашенко 1 нөмірін тағынған.

Путин мен Лукашенко Санкт-Петербургте келіссөздер жүргізді. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Тараптар Одақ мемлекет шеңберіндегі ынтымақтастықты, санкцияларды, ТМД елдері көшбасшыларының бейресми саммитінің нәтижелерін, сондай-ақ 2022 жылы Беларусь аумағында әскери оқу-жаттығуларды өткізу мәселелерін талқылады.

Ойын 18:7 есебімен президенттер ойнаған команда – ақ түстілердің пайдасына шешілді. Александр Лукашенко екі шайба соқса, оның ұлы Коля төртеуін қақпаға кіргізе алды, ал Владимир Путин ең көп гол соқты, оның еншісінде – жеті шайба.