Bugin

Енді салықтарды есептеу кезінде АЕК қолданылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Биыл 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді, деп хабарлайды bugin.kz порталы мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.  

Кодекстегі өзгерістерге сәйкес енді салықтарды есептеу кезінде ең төменгі жалақынының (ЕТЖ) орнына айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады.

«Биыл 1 қаңтардан бастап өзгерістер қолданысқа енді.

Мысалы, 2022 жылға дейін Салық кодексінде стандартты шегерім, яғни жеке тұлғаның табыстарына жеке табыс салығын салу кезінде алып тасталатын шегерім табыс есептелген әрбір күнтізбелік ай үшін 1 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде болған. Енді осы жылы 14 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде стандартты шегерім белгіленген: 14*3063 = 42 882 теңге (2021 жылы 1 ЕТЖ шамамен 2022 жылғы 14 АЕК-ке сәйкес келеді)», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, есептеу тәртібі өзгермейді, тек салық шегерімдерінің мөлшері өзгереді.