Қоғам

ҰҚК тәртіпсіздік кезінде әскерилердің қалай қаза болғаны туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҰҚК баспасөз қызметі еліміздегі жаппай тәртіпсіздік кезінде әскерилердің қалай қаза болғаны туралы айтып берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Таразда Ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Әділбай Дастан Әділбайұлы 7 қаңтарда жер қойнауына тапсырылған.

«5-6 қаңтарға қараған түні қызметкерлер аумақтық департамент ғимаратына шабуыл жасаған 350-ден аса бүлікшіге тойтарыс берді. Атыс кезінде оқ жарақатын алған Дастан Еділбай әріптестерін ауруханаға жеткізді, сол жерде есінен танып, операция үстелінде көз жұмды», - деді Поливанов.

ҰҚК әскери қарсы барлау органдарының кіші жедел уәкілі капитан Нұркенов Әділ Дулатұлы құпия құжаттарды эвакуациялау кезінде қаза тапқан.

«Ол үш жасар қыздың әкесі, сүйікті жар», - деп бөлісті ҰҚК өкілі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату, террористік және экстремистік топтардың жолын кесу барысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін қаза тапқан 6 қызметкер мен әскери қызметшіні II және III дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапаттауды тапсырды. ҰҚК қызметкері капитан Нұркенов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.