Қоғам

Алматыда той-жиын өткізуге тыйым салынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы бойынша той және басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынды.

«Жаңа қаулыға сәйкес қала тұрғындары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан асатын іс-шараларды, мерейтой, үйлену той, банкеттер мен өзге де шараларды өткізуге және қытсуға тыйым салынады;

- ПТР зерттеудің оң нәтижесін алған кезде және науқаспен жақын байланыста болған кезде 14 күн өзін-өзі оқшаулау режимі;

- Спорттық-сауықтыру орталығына, фитнес орталықтарға, монша, сауна, бассейндерге 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Ashyq-те «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады.                

- Ashyq жобасына қатысуына қарамастан концерт залдары, цирк, театрлардың қызметіне, діни бірлестіктердің нысандарына, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады» - делінген қаулыда.