Білім және ғылым

Студенттердің қандай форматта оқитыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев ЖОО-ларда екінші семестрдің қалай басталатыны туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жоғары оқу орындарында көктемгі семестр биылдың 24 қаңтарында басталады. Офлайн форматта басталады.  Бұл ретте, жоғары оқу орындары каскадтық әдісті қолдана алады, яғни студенттердің жинақталуын барынша азайту үшін оқуды бастау оқу курсына немесе оқу бағыттарына байланысты 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, 1 курс студенттері үшін оқу 24 қаңтарда басталса, 2 курс студенттері - 31 қаңтардан, 3-4 курс студенттері үшін 7 ақпаннан бастап», - деп түсіндірді ол.