COVID-19

COVID: Екпе салдырудан бас тартқан қарттарға айыппұл салынады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 

Коронавирусқа қарсы екпе салдырудан бас тартқан қарттарға айыппұл салынады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Грекия 60-тан асқан азаматтарға осындай талап қойып отыр. Айыппұл мөлшері – 100 еуро. Ел билігі бұл егде жастағы адамдарды індеттен қорғаудың амалы дейді. Себебі ресми статистикаға сәйкес, ковидтен көз жұматындардың көбі 60-тан асқандар. 

Жалпы бүгінде Грекиядағы қарттардың 90 проценті екпе салдырған. Қалған 10 проценті оған қарсы.