БІЛІМ

Білім министрлігі: 24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі түрде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, білім беру ұйымдарының жұмыс алгоритмі келесідей:

- мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар) балаларды ата-аналарының өтініші бойынша қабылдайды;

- 600 балаға дейін оқушысы бар жалпы білім беретін мектептерде –толыққанды офлайн оқу ұйымдастырылады;

- 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту кезінде толымдық жобалық қуаттың 50% аспауы тиіс. Бұл жағдайда БҒМ 1-4 сынып оқушыларын олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқытуды ұсынады. Себебі бастауыш сынып балаларына қашықтан білім алу қиынға соғады;

- 5-11 сынып оқушылары – мектеп әкімшіліктеріне балаларды штатты форматта оқыту, ауысымдар мен ішкі ауысымдардың жұмысын ұйымдастыру, кейбір пәндер бойынша сабақтарды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы ата-аналардың өтініштерін ескеру ұсынылады.

Ал мектептерден тыс ұйымдардағы оқу: жеке сабақтар толыққанды офлайн форматта, 15 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарда) – жеке сабақтар мен 8 адамға дейінгі топтық сабақтар – штаттық режимде жүргізіледі.

Еліміздің колледждері мен ЖОО-ларында оқыту аралас форматта: практикалық, лабараторлық, семинар сабағы, өндірістік іс-тәжірибе – штаттық режимде, дәрістер – онлайн форматта өтеді.