Bugin

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктің қалай орын алғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы қаласының бас полицейі Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктің жай-жапсарын айтып берді. Қанат Таймерденов полиция бөлімшесі ғимаратына басып кіру әрекеті алдында қақтығысты ұйымдастырушылар сақшылардан қаруларын тастап, берілуді талап еткенін, бірақ олардың талабынан бас тартқанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

- «5 қаңтар күні кешке алаңда болған кейбір содырлардың жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери қару алғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті - тек Алматыда мылтық, аңшылық, травматикалық қару-жарақтардың 1387 данасы ұрланған. Олардың өз қарулары болғанын жоққа шығармаймын. Шамамен осы уақытта жедел ақпарат көздерінен белгілі болғандай, қаруланған және дайындығы бар бірнеше топ бөлімнің әкімшілік ғимараты мен қаланың әр жеріндегі полиция бөлімшелеріне шабуыл жасамақ болған. Олардың мақсаты қару-жарақ арсеналдарын басып алу болды. Бұл туралы бірден Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа хабарлады. Елордада полиция ғимараттарын күзету бойынша арнайы жоспарды дереу қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды және кейінірек белгілі болғандай, бұл шара шынымен де дер кезінде жасалған», — деді Қанат Таймерденов.

Спикердің айтуынша, ең алдымен ғимараттарда қару-жарақтың берік арсеналы болғандықтан, төтеп беру маңызды болды.

- «Мен барлық полиция бөлімшелерінің басшыларына хабарласып, олардың жеке құрамы далада орнығуы үшін ықтимал шабуылдарға дайындалу туралы тапсырма бердім. Расымен де, кешкі сағат 19:00 шамасында қарулы топ біздің ғимаратқа жинала бастады. Алғашында қорқытулар, берілуді талап етулер болды. Бірақ олар бас тартқаннан кейін шабуыл әрекеттері басталды. Бір ғана түнде департамент ғимаратына 27 шабуыл жасалғанын жоғарыда айттық. Таңертең бізге көмек керек болды. Таңертеңгі төртте бізде оқ-дәрілер таусылып қалды. Бұл туралы министрге хабарлағанымызда, ол Ұлттық ұланға команда берді, олар броньды арнайы көлікпен бұзып өтіп, оқ-дәрілерді жеткізіп берді. Ол кезде бәрі қашан бітетінін әлі түсінбедік», - деп нақтылады Таймерденов.