Bugin

Қазақстандағы қақтығыс кезінде жоғалған қырғыз азаматы табылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандағы наразылықтар кезінде жоғалған қырғыз азаматы Шолпонбек Сыдықов Алматы қаласында табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Шолпонбектің айтуынша, оны құқық қорғау қызметкерлері ұстап, полиция бөлімінде ұрған: қырғыз азаматының қабырғалары мен екі аяғы сынған. Бұл туралы Азаттық радиосының Қырғыз қызметі Қырғызстанның Алматыдағы бас консулы Назарәлі Әріповке сілтеме жасап хабарлады.

Дипломат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына бейнежазба тапсырды. Видеода Сыдықов басынан өткерген оқиғаларды баяндады. Шолпонбектің айтуынша, тіркеуге тұру уақыты аяқталып бара жатқан соң ол таксимен Бішкекке шыққан, бірақ оны Алматының шетіндегі блокпостта әскерилер тоқтатқан.

- "Қазақ құжаттары барлардың бәрін жіберді, ал қырғыз құжаты барларға: "Көліктен шығыңыздар. Құжаттар тексеріледі", - деді. "Құжаттарымның бәрі дұрыс, өзіңіз қараңыз", - деп едім, оған қарамастан құжаттарымды бір полиция қызметкеріне ұстата салды", – дейді қырғыз азаматы.