Bugin

Бекболат Тілеухан журналистен кешірім сұрады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Журналистке қол көтеріп, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады. Бұл туралы "Информбюро" бағдарламасында айтылды.

Шенеунік сұхбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.

Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Процес барысында қос тарап та болған жайтты тәптіштеп айтып берді.

Шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.