Bugin

Хорватиядан жеткен нота: Біртанов заңсыз қудаланып жатыр ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өткен жылғы қарашада Денсаулық сақтау министрі Денсаулық сақтау ақпараттық платформасы жөніндегі келісімнің шарттарын бұзып, өнімді әзірлеген Ericsson Nicola Tesla d.d. (Хорватия) компаниясынан платформаның кепілдік сомасы – жарты миллион АҚШ долларын қайтарып алды, деп хабарлайды bugin.kz порталы dknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көп ұзамай-ақ Қазақстан Үкіметіне Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрлігінен дипломатиялық қарсылық нотасы келіп түсті. Онда кепілдікті негізсіз қайтарып алу мәселесін шешуді талап етілген. Әйтпесе, халықаралық арбитраж күтіп тұрды.

Осындайда кім және не үшін Қазақстанды достас Хорватиямен арадағы қарым-қатынасты шиелендіруге, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін халықаралық сотқа беру қаупін туғызып, кепілдікті негізсіз алып тастауға итермелегенін түсіну керек.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Әділет министрлігі мұндай арбитраждық әрекет ел бюджетіне негізсіз және орасан шығын әкелетіні туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолдаған жазбаша ескертулеріне қарамастан осыған жол берілді.

Мына бір қызық факт назар аударуды қажет етеді. Кепілді қайтарып алу туралы хатқа министр Цой, тіпті вице-министрлер де қол қоймаған.

Сондай-ақ мынаны да атап өту керек. 2021 жылғы қыркүйекте, кепілді қайтарып алғаннан екі ай бұрын Ericsson Nicola Tesla d.d. компаниясының басшылығы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш жасап, Денсаулық сақтау министрлігінің ойланбай істелген әрі негізсіз әрекеттерінің Қазақстанға залал келтіруін тоқтатуын сұрады. Бірақ өтініш Премьер-Министр деңгейінде қалып қойды.

Президентке мұндай заңсыздыққа тоқтау салатын кез келді. Сонымен қатар Қаржылық бақылау агенттігі мен Бас прокуратура Біртановты әділетсіз қудалауы қоғамда наразылық туғызып отыр. Өйткені Біртановқа қарсы қозғалған іс әу бастан-ақ шикі екені анық аңғарылған еді.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов пен экс-вице министр Абишевті ЭНТ компаниясынан жұмыс істемейтін платформаны қабылдап алды деп айыптайды. Бірақ мұндай негізсіз жаланы Біртанов пен Абишев ғана емес, хорватиялық тарап та, іске тігілген материалдар да көрсетіп отыр.

2020 жылғы желтоқсанда Загреб қаласының соты арқылы ЭНТ бас директоры бұлтартпас дәлелдер келтірді. Сондай-ақ 2021 жылғы шілдеде және қазанда ЭНТ Нұр-Сұлтан қаласына өздерінің сарапшыларын Денсаулық сақтау министрлігімен бірге Платформаның жағдайын тексеруге жіберді.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ЭНТ қол қойған ЭНТ-ның 31 шілдедегі егжей-тегжейлі есебі мен 2021 жылғы 1 қарашадағы платформаның техникалық жағдайы туралы акті платформаның келісімшартқа сай екенін көрсетіп, тергеу нұсқасын жоққа шығарады. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі мен Бас прокуратура бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай мұны көргісі келер емес. Осылайша, Біртановқа 2021 жылдың 13 қаңтарында асығыс айып тағып, сотқа ықпал етеміз деп үміттенеді!

@адвокат Куряченко