Bugin

Қазақстан азаматы Ресейде істеген жұмыс орнынан жалақысын ала алмай жүр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Нұрлан есімді Қазақстан азаматы жалдамалы жұмысшы ретінде Ресейде өзіне тиесілі айлығын ала алмай жүр, деп хабарлайды bugin.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Мамы Мира» еріктілер тобы TikTok әлеуметтік желісінде видео жариялады.

«Мен бұл жерден ақшамды алмай еліме қайтпаймын. Маңдай теріммен тапқан қаражат. Менің ұялы телефоныммен құжатымды ұрлап кетті. Полиция қызметкерлері менің арызымды қабылдамайды. Анда-мында сандалтып қояды», - дейді ол.

Нұрлан аталған еріктілер тобына айлығын ала алмай жүргенін айтып, көмектесуді сұраған. Қазір қазақстандық азамат пневмониямен ауырғаны анықталды. Нұрланның ақшасы таусылып, далада қонуға мәжбүр.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.