Қоғам

Елжан Біртановтың соты қашан өтетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Экс Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Алдын ала тыңдау 26 қаңтарға белгіленген», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, тыңдау ашық режимде өтеді.

Қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түскен.

Істі қарайтын судья – Ибрагим Әлкенов.