Әлем

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Антарктидадағы Уэдделла теңізінде Ронне мұздығының батыс жағында түзілген алып айсберг бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Бұл туралы Еуропалық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«А-76 деп аталатын айсбергтің ауданы шамамен 4320 шаршы км. құрайды. Ол қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен айсберг болып саналады», - делінген хабарламада.

ЕҒА мәліметі бойынша, айсбергтің ұзындығы шамамен 170 км және ені 25 км, бұл Майорка аралынан сәл үлкен.