Қоғам

«Бюджет есебінен...»: Қазақстандықтардың несиесі жаппай кешірілсе не болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Экономист Мақсат Халық «Қазақстандықтардың несиесі жаппай кешірілсе, не болады?» деген сұраққа Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жауап берді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Бұл жерде маңызды сұрақ бар. Несиені кім кешіру керек? Үкімет деп айтамыз, демек бюджет есебінен... Ал бюджет ол халықтың салығы, ақшасы. Өз бюджетіміздің шығынын қарасақ - 15 трлн теңге. Ал халықтың тұтунышылық несиесі 5 трлн теңгеге жуықтайды. Сонда үштен бір бөлігін кешіруге жұмсау керек пе?» - деді Мақсат Халық.

Бұдан бөлек экономист «несиені банктер кешірсе, не болады?» деген сұраққа жауап іздеді.

«Банктерде ақша негізінен депозиттен құралады. Ол да сол жаққа салған халықтың ақшасы. Банк толық кешіретін болса, онда депозитке салып отырған азаматтарға: «Сіздің ақшаңызды қайтармаймыз», - деп айту керек. Нарықтың осындай заңдылықтары бар», - дейді экономист.

Маманның айтуынша, бүкіл халықтың несиесін кешірген жағдайда банктер банкротқа ұшырайды.