Спорт

Қазақстандық турникке тартылудан әлемдік рекорд орнатты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық Ильдар Ягяев турникте тартылудан әлем чемпионы атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Финляндия астанасында турникте тартылудан өткен әлем чемпионатына әлемнің 20-дан астам елінен 200-ден астам спортшы қатысты. Жекпе-жек алты салмақ дәрежесінде өтті.

Еліміздің намысын 70 келі салмақта өнер көрсеткен ақтаулық Ильдар Ягяев қорғады. Отандасымыз алғашқы дайындық 90 келі салмақты тамаша меңгеріп, одан кейін 96,5 келі салмақты көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.