Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан көлік жүргізушісі азапталып, қудалауға ұшыраған. Бұл туралы қоғам белсендісі Ержан Терлікбаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— «Бір бүйрегі істемей қалған, ауыр халде ауруханада жатыр. Әкесін түрлі сылтаулар айтып, ауруханаға кіргізбейді. Олар бір үйдің асыраушысы, күтіп отырған бала-шағасы бар. Бассыздықты тоқтату керек», – деді Терлікбаев.
Белсенді азамат президентке жүгініп, «қудалауды тоқтатуды» талап етті.