Bugin

Ең үздік ЖОО-сы әлемде 194-орында: Ресейден ғылым үйренуге бола ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық түлектер «Болашақ» бағдарламасымен Ресейдегі бірнеше университетке оқуға түседі. Сол мемлекеттегі ең әйгілі университеттердің әлемдік рейтингісі көрсетілді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университеті (National University of Science and Technology MISiS) Ресейде 22-ші орында, ал Әлемдік рейтингіде 1 319-ші орында;

Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Bauman Moscow State Technical University) Ресейде 21-ші орында, ал Әлемдік рейтингіде 1 202-ші орында;

ИТМО Ұлттық зерттеу университеті (ITMO University) Ресейде  17-ші орында, ал Әлемдік рейтингіде 983-ші орында;

«MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті (National Research Nuclear University) Ресейде 9-шы орында, Әлемде 613-ші орында;

Мәскеу физика-техникалық институты (Moscow Institute of Physics and Technology) Ресейде 8-ші орында, Әлемде 542-ші орында;

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Saint Petersburg University) Ресейде 7-ші орында, Әлемде 538-ші орында;

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Lomonosov Moscow State University) Ресейде 1-ші орында, Әлемде 194-ші орында тұрады екен», - делінген хабарламада.

Ал төменде әлемде дамыған елдердің алдыңғы ТОП-200-ге енетін университеттерін көрсеттік:

- АҚШ 72

- Ұлы Британия 19

- Германия 13

- Қытай 12

- Франция 11

- Канада 9

- Нидерланд 8

- Australia 7

- Швецария 7

- Швеция 6

- Италия 4

- О Корея 4

- Израел 4

- Denmark 3

- Belgium 3

- Норвегия 2

- Singapore 2

- Brazil  1

- Ресей 1  

(Деректер «Ғылым – күш» группасы, Jeksen Toktarbay жазбасынан)