Bugin

Сара Назарбаева қайта оралды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мектептерде махаббат туралы айтылды. Аталмыш сабақ мектеп оқушыларының жеке тұлғасындағы адамгершілік және рухани әлеуетін дамытуға және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Махаббат атты өмір» тақырыбындағы өзін-өзі тану сабағына ашуланған мектеп мұғалімдері Orda.kz редакциясына хабарласқан. Ұстаздардың айтуынша, Қазақстанда өзін-өзі тану онкүндігі дәстүрлі түрде ақпанның 1-і мен 11-і аралығында өтеді. Сабақ Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпыадамзаттық құндылықтарды бекіту және адамгершілік-рухани тәрбиені дамытудағы қоғамдық қызметіне арналған.

Мұғалімдерге сабақтың өткендігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау талап етіледі.

Мұғалімдер бағдарлама авторының өмірінен, оның қызмет, адам тағдыры туралы ой-пікірлерін айтуы керек. Әңгімеде Сара Алпысқызының жалпы адамзаттық құндылықтардың мән-мағынасын, адамның шынайы болмысын, негізі махаббат екенін ұғынудың маңыздылығын ашуға деген шынайы ұмтылысын ерекше атап өту маңызды.