Bugin

Көп балалы анаға Қанат Ислам сыйлаған үйді алаяқтар иемденіп алды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақмола облысы тұрғыны Гүлшат Баяділова көпбалалы ана. Оның төрт баласы бар. Бір ұлы бокстан жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Баланың дарынын Қанат Ислам да байқап қалған. 2019 жылы Қанат көпбалалы анаға 4 бөлмелі үй сыйлаған.

2020 жылы ақшадан тарыққан Гүлшат интернет арқылы тапқан адамдардан қарызға 500 мың алады. Олар көпбалалы анаға 1 млн береді, есесіне үйдің құжаттарын алып алады, деп хабарлайды bugin.kz порталы ztb_kazakhstan Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Арада ай өткен соң қарыз берген адамдар хабарласып, нотариусқа алып барады. Ештеңе айтпастан қол қойдырып, әйелді шығарып салады. Әлгі қол қойған құжаты - сату келісімі екен.

Гүлшат келісім-шартты заңсыз деп анықтауды сұрайды. Тіпті видео үндеу де жариялаған:

«Менің момындығымды, сауатымның жоқтығын пайдаланып, осылай жасап жатыр. Қазір бірнеше сот болды, бірақ менің шаруам ешқалай шешіліп жатқан жоқ», - деп күйінді ана.