Bugin

Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры туралы: Бұл мәжбүрлеу емес!

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры туралы ойын айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Бизнес салық төлеуде әлеуметтік жауапкершілікті талап етеді. Бұл тәсілдің бір көрінісі – «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық жасау. Бұған дейін айттым және бүгін де қайталаймын, ол негізінен ұлттық ірі буржуазияның есебінен қалыптасуы керек. Дегенмен басқа компаниялардың және шетелдік инвесторлардың салған қаражаттарын, әрине, құптаймыз.

Мен тағы атап өткім келеді, бұл - мәжбүрлеу емес. Бұл табысты компаниялар мен азаматтардың ұлттық игі істерге қаражат бөлуіне мүмкіндік», - деді Президент.