Bugin

Биыл ел экономикасы дами ма әлде құлдырай ма – Ұлттық банк жауабы

Әлем экономикасы қалай болмақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2022 жылы Қазақстан экономикасы шамамен 3,9-4,2% өседі. Бұл жайлы Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов айтты.

"2022 жылы әлем экономикасы біртіндеп қалпына келеді. Халықаралық ұйымдардың есебінше, биыл Қазақстан экономикасы 3,7-4% өседі. Ал Ұлттық банк ел экономикасы 3,9-4,2% көлемінде өседі деп болжап отыр", - дейді Пірматов.

Былтыр әлем елдері экономикасын тез қалпына келтіруді ойлап, шикізат пен материалға, азық-түлікке деген сұранысты өсіріп жіберді. Содан инфляция орын алды.

"Ал биыл жылдың ортасына қарай сұраныс пен ұсыныс теңдесіп, нарықта тұрақтылық орнайды", - деп жорамал білдірді бас банкир.

Айта кеткен жөн, Қазақстан экономикасы 2021 жылы 4 пайыз өскенімен, инфляция деңгейі бұдан екі асып түсті. Бір жылда инфляция мөлшері 8,4% болды.