Спорт

Бейжің финалына шыққан Әділ Ғалиахметов мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шорт тректен 1500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының финалына шығып, сегізінші орынға ие болған Әділ Ғалиахметов нәтижесі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

- «Финалға шыққаныма қуандым. Себебі бірінші Олимпиада үшін жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Соңғы жағында күшім жетпей қалды. Келесі Олимпиадаға дейін дайындығымды шыңдап, жүлдегерлердің қатарынан көрінуге тырысамын», - деп ағынан жарылды Әділ Ғалиахметов.

Шорт трекші финалға өткен уақытта қандай сезімде болғанын және ақтық мәредегі атақты қарсыластары туралы айтып берді.

- «Кейбір қарсыластарымды кішкентай кезімнен теледидардан көріп өстім. Ресейлік Семен Елистратовпен бірге жаттықтым. Ол менің кумирім болды. Олармен бірге жарысамын деп ойлаған жоқпын. Қарсыластардың барлығы да тәжірбиелі», - деді отандасымыз.

Әділ Ғалиахметов соңғы уақытта қазақстандық шорт трекшілердің финалға шығып жүруі тікелей бапкерлердің еңбегі екенін атап өтті.

- «Бізді қолдап, демеп, білгенін үйретіп жүрген Мәдіғали (ред. Мәдіғали Қарсыбеков - шорт тректен бас бапкер) ағайға рақмет. Екіншіден, коньки дұрыс киюді үйреткен Аслан Даумовқа алғысым шексіз. Дәрігер Олжасқа рақметімді білдіремін. Психологқа да рақмет», - деді Бейжің Олимпиадасының финалисті.