Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Гүлнар Кәрімоваға тиесілі қаржының бір бөлігі Өзбекстанға қайтарылады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Өзбекстанның әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көрші елдің министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, Өзбекстан Кәрімова мен оның сыбайластары елден заңсыз әкеткен активтерді қайтару мәселесі бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей және басқа елдердің органдарымен жұмыс істеп жатыр.
- «2022 жылдың он бірінші ақпанында Швейцария мен Өзбекстан кездесу ұйымдастырған. Жиында екі делегация да Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты сенім қорын құруға келіскен. Қор Гүлнар Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде түпкілікті тәркіленген активтерді қайтару үшін пайдаланылатын болады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта 131 миллион доллар қайтарылады деп күтіліп отыр. Бұл қаржы Өзбекстанның әл ауқатын жақсартуға жұмсалмақ.