Bugin

Қаңтар оқиғасын тексеруге ФБР мамандары тартылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда болған қаңтар оқиғасын тергеуге АҚШ-тың Федералды тергеу бюросының (FBI) мамандары тартылуы мүмкін. Мұны қаңтар оқиғасын тергеу жөніндегі "Ақиқат" комиссиясының жетекшісі, адвокат Айман Омарова баспасөз конференцияда айтты.

Оның айтуынша, Алматыдағы бүлікке Қытай, Өзбекстан, тіпті Сауд Арабиясы елдерінің тумалары қатысқан.

"Мұны полиция департаментінде жатқан істерден байқадық", - дейді қорғаушы.

Сондықтан Омарова қаңтар оқиғасының анық-қанығына жету үшін Федералды тергеу бюросынан сараптамалық пікір алу үшін жүгінгісі келетінін айтты. Олар мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасау арнайы ұйымдастырылған операция ма әлде жоқ па – соны анықтауға көмектеспек.

"Әскери заңгерлер бұл қарапайым азаматтар мен полиция қызметкерлері арасында немесе полиция мен дайындалған кәсіби адамдар арасында атыс болғанын анықтай алады", - деді Омарова.